Құрметті Дәметкен Байқазаққызы! Сізді 60 жасқа толған торқалы тойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Осы таңда адам өмір жолының асқар биігі - алпыстың шыңына шығып отырған Сізді, көпшілік өз ғұмырын білім саласына арнаған зиялы азаматша ретінде таниды. Туған елге сүйіспеншілік арқылы парасатты да рухы биік ізбасарларыңызды тәрбиелеу жолында дарынды ұйымдастырушы қырынан көрініп келесіз. Осынау игілікті істерде қанатыңыз талмасын, қажыр-қайратыңыз қашанда арта бергей! Өзіңізге және отбасыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, ырыс пен ынтымақ ,бақыт пен береке тілейміз! Шығар шыңдарыңыз әрқашан да биік болғай! #бейнеубөбекжайыұжымы