🎀 Өтті қызық көп күндер,🎀
🎀Бес жасқа жеттіңдер.🎀
🎀Барасыңдар мектепке,🎀
🎀Бір белестен өттіңдер.🎀
🎀Өсті ақыл- ойларың,🎀
🎀Өсті міне бойларың.🎀
🎀Қуанышқа ортақпыз,🎀
🎀Құтты болсын тойларың! 🎀
«Бейнеу» бөбекжайында ересек «Сандуғаш», «Қыран» топтарының бүлдіршіндерімен «Қош бол, балабақша!”, “Қош бол, әсем бақшамыз!” атты ертеңгілік өтті.
Мерекелік іс-шарада бүлдіршіндер ән айтып, би билеп, ата-аналарының мерейін арттырды. Балабақша өміріне белсене араласқан ата-аналар мадақтамалармен марапатталып, ата-аналар да балабақша ұжымына алғыстарын жаудырды. Топ тәрбиешілері З.Есниязова, Н.Елеусинова, Н.Төреханова, А.Меңдіқұлова өз баласындай болып кеткен балғындарды қимастықпен шығарып салып, сәт сапар тіледі.
Үлкен өмірге аттаған қадамдарың сәтті болсын! Балапандарымыздың жолдары ашық болсын! Болашақтары жарқын болсын!