Тарих толқынында (01.06.1998-01.06.2018) ...Мен бүгін Ерекше бір сезіммен ояндым, Сәулелі шуақты ақ таңға боядым, Жүректе қуаныш, бойда күш тасыған, Өмірімнің мәніне айналған, Бүлдіршіндерді көремін тағы да қасымнан! Мынау менің балабақшам,қасиетті ақ ордам... Мынау менің кішкентай бөбектерім... Құрметті қонақтар, бүгінгі мерекемізге қош келдіңіздер! Биылғы жыл «Бейнеу бөб
Тарих толқынында
(01.06.1998-01.06.2018)
...Мен бүгін
Ерекше бір сезіммен ояндым,
Сәулелі шуақты ақ таңға боядым,
Жүректе қуаныш, бойда күш тасыған,
Өмірімнің мәніне айналған,
Бүлдіршіндерді көремін тағы да қасымнан!
Мынау менің балабақшам,қасиетті ақ ордам...Мынау менің кішкентай бөбектерім...
Құрметті қонақтар, бүгінгі мерекемізге қош келдіңіздер! Биылғы жыл «Бейнеу бөбекжайы» үшін мерекелі болмақ. Өйткені, тәрбие ошағы өзінің жиырма жылдық мерейтойын атап өткелі отыр. Қаншама жылдар тарих қойнауына енсе де, балабақша өз мәртебесін жоғалтқан емес. Қайта жылдан-жылға абыройы артып келеді. Мұнда мыңдаған бала тәрбиеленіп, жүздеген тәрбиешілер еңбек сіңірді.
Балабақша – барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы. Қазіргі таңда үздіксіз білім беру еліміздің ертеңі- өсіп келе жатқан жас ұрпақтың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. 11.04.2018 291 Facebook Twitter Google+ Pinterest Vkontakte Telegram Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай, өзгерістерді енгізуді талап етіп отыр. Білім беру балабақша табалдырығынан басталады десек, ешқашан қателеспейміз. Барлық білімнің бастауы – балабақшада. Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбие мен білім саласында заманауи педагогикалық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де, педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымның біріне айналды. Ендеше мектепке дейінгі білім беру саласының басты міндеттерінің бірі – өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбие беру үрдісіне заманауи әдістерін енгізу. Әрине бұл үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуына, педагогтардың заманауи инновациялық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да байланысты. Тәрбие мен білім – егіз. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр.
Жас ұрпақты тәрбиеге баулыған бұл білім ордасының тарихын тарқатар болсақ, осыдан тура жиырма жыл бұрын, «Бөбек» деген атаумен ашылған болатын... 1997-жылы кешегі оңтайландыру кезінде балабақшалардың тұтастай жүйесі ыдырап, олардың саны күрт азайып кеткені белгілі. Ауданда 1998 жылы 1-маусымда «Бөбек» балалар бақшасы аудан әкімінің 1998 жылғы кыркүйектің 28-індегі №1039 шешімімен ашылды. Сондай кезеңді басынан өткерген балабақшаны сақтап қалу жолында еңбек еткен алғашқы басшылар Набат Құлжабайқызы, одан кейін Дәметкен Байқазаққызы болатын.
1998 жылы балабақша өз жұмысын 4 топпен, яғни 1 сауықтыру тобы, 2 ақылы топ, 1 бюджеттік топпен бастады. Барлығы 80 бала тәрбиеленді.Оқыту бағдарламасы – «Балбөбек» бағдарламасын басшылыққа ала отырып балабақшада небәрі 10 педагог жұмыс жасады. Олар: Ж.Абдуллаева, Рузья Болжанова, Ләззат Есбергенова, Сәуле Құсайынова, Қарагоз Көрпелиева, Зулфия Керманова, Роза Төлегенова, Айсұлу Ниязова, Светлана Базарбаева болатын.
1999 жылы Аудан әкімінің 25.08.1999 жылғы №1627 шешімімен тамыздың 25-інде балабақша базасында 4 МАД тобы ашылып, оған №2 Калинин орта мектебі қамтитын мөлтек ауданының балалары тартылды. МАД топтарының тәрбиешілері болып Д.Машырықова, Л.Есбергенова, Қ.Байсейітовалар жұмыс жасады.
- Аудан әкімінің 01.02.1999 жылғы №1448 шешімімен «Бөбек» балалар бақшасы, «Балалар бақшасы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта құрылды.Сол кезеңдерде бала санын көбейту үшін балабақшада тегін үш сағаттық мектепке дейінгі даярлық топтары жұмыс жасаған,-дейді балабақшаның қазіргі басшысы Даметкен Байқазаққызы. 2001-Аудан әкімінің 05.11.2001 жылғы №142 шешімімен «Бейнеу балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып қайта құрылды. Балабақшада 4 МАД тобы, тәрбиешілері:
Қарагоз Көрпелиева, Жаңылсын Еділова, Рысгул Амалбаева, Гайша Доскожаева, Жаным Кожанова, 1 сауықтыру тобы тәрбиешілері: Ж.Абдуллаева Сауле Құсайынова, 1 ақылы топ тәрбиешілері: Зулфия Керманова, Рузья Болжанова, Шаршаған Сармурзаева жұмыс жасады. Барлығы 80 бала тәрбиеленді.
-Бейнеу аудандық әкиматының 10.10.2001 жылғы №58 «Ана мен баланы дәрігерлік қамту және туберкулезге қарсы күрестің жайы туралы» қаулысы негізінде кәсіпорында тағы бір санаториялық топ ашылды.
-Осы жылы облыстық «Үздік балабақша» байқауында «Ізденімпаз балабақша»номинациясы берілді.
-Осы жылы мекеме директоры Д.Ақшабаева «Президенттің Алғыс хатымен» марапатталды.
2002 жылы Аудандық білім бөлімінің 04.01.2002 жылғы №1 бұйрығымен МАД топтары Ж.Қалдықараев атындағы орта мектебіне жіберіліп, орнына 2- ақылы аралас тобы ашылды. Тәрбиешілері: Ә.Шорабаева, Жаңыл Құрманғалиева.
- 2 сауықтыру тобы, тәрбиешілері: Ш.Сармурзаева, Қ.Көрпелиева, Ж.Абдуллаева, З.Керманова. 4 топ, 92 бала тәрбиеленді.
-Осы жылы облыстық «Үздік тәрбиеші - 2002» байқауында Көрпелиева Қаракөз жүлделі ІІІ орынды иеленді.
2003 жылы Балабақшада 2 ақылы топ, тәрбиешілері: Ә.Шорабаева, Ж.Құрманғалиева, З.Керманова, Ш.Сармурзаева, 2 сауықтыру тобы, тәрбиешілері: Қ.Көрпелиева, Р.Болжанова, Ж.Абдуллаева, С.Құсайынова жұмыс жасады. 4 топ, 112 бала тәрбиеленді.
-Бұл жылдары жұмыс жасаған педагогтар: Қ.Көрпелиева, Р.Болжанова, Ә.Шорабаева, Ж.Құрманғалиева, З.Керманова, Ш.Сармурзаева, Ж.Абдуллаева, С.Құсайынова,С.Базарбаева
-Осы жылы мекеме директоры Д.Ақшабаева облыс әкімі жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі коммиссиясының «Әйел басқаратын Үздік кәсіпорны» 2 дәрежелі дипломымен марапатталды.
2004 жылы- Бейнеу аудандық әкиматының 25.12.2003 жылғы №212 қаулысы негізінде үздіксіз жасайтын сауықтыру тобы ашылды, оның тәрбиешілері: Ж.Абдуллаева, С.Құсайынова. 4 топ, 116 бала тәрбиеленді.
-Осы жылы жұмыс жасаған педагогтар: М.Төлегенова, Р.Болжанова, Қ.Көрпелиева, Ш.Сармурзаева, З.Керманова, Ә.Шорабаева, Ж.Құрманғалиева,С.Базарбаева.
2005 жылы- Ақпан айында 2 топпен 40 орындық «сауықтыру балабақшасы» ашылып, ол бөлек ғимаратқа көшіріліп, орнына сыйымдылығына қарай 2 ақылы топ ашылды. Тәрбиешілері: З.Керманова, Ш.Сармурзаева, Б.Әбдірахманова, Ә.Шорабаева, Н.Сариева. 6 топ, 136 бала тәрбиеленді.
-Осы жылы Облыстық «Үздік тәрбиеші - 2005» байқауында Қарагоз Көрпелиева жүлделі І орынды иеленді.
2006 жылы - Бейнеу аудандық әкиматының 22.12.2005 жылғы №274 қаулысы негізінде заңды тұлға болып табылмайтын 6 топ, 150 орындық «Балдырған» балабақшасы 4 топ, 80 орындық «Бөбек» балабақшасы 2 топ, 40 орындық «Үміт» бала бақшалары ашылды. Меңгерушілері: М.Төлегенова, А.Демеева, Т.Тәуекелова. 12 топ 270 бала тәрбиеленді.
-Осы жылы Облыстық «Үздік тәрбиеші – 2006» байқауында Ерғазиева Ғазиза ІІ орынға ие болды.
-Осы жылдары жұмыс жасаған педагогтар: С.Байымбетова, Г.Айтжанова, А.Айтжанова, Қ.Көрпелиева, С.Базарбаева, Д.Ахметова, Р.Жолаева, С.Құрманиязова, Р.Қылишаева, А.Қараева, С.Табышева, З.Әзірханова, Ш.Сармурзаева, Б.Әбдірахманова, А.Бекібаева, Г.Бердіқұлова, Р.Төлегенова, Г.Байтілетова, Ә.Мұңалбаева, А.Оразай, Н.Боқаева, Ұ.Сәрсенбаева, Р.Тұрышева, Р.Болжанова, Ж.Абдуллаева, С.Құсайынова, З.Керманова, Ж.Құрманғалиева, А.Айтқұлова, А.Амалбекова, Г.Абдуллаева, А.Тағанова, Г.Смағұлова т.б.
-Облыстық «Үздік тәрбиеші – 2006» байқауында Сармурзаева Шаршаған І орынға ие болды.
2007 жылы - Бейнеу аудандық әкімдігінің 19.06.2007 жылғы №167 қаулысы негізінде Ақжігіт, Есет, Сыңғырлау, Қызыләскер, Төлеп, Тұрыш селоларында «Бейнеу балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының құрамынан, әрқайсысы 20 орындық бөлімшелер ашылды.
18 топ, 306 бала тәрбиеленді.
- Осы жылы Бейнеу аудандық әкиматының сәуір айында № 274 қаулысы негізінде «Балауса» балабақшасы ашылды.
- Осы жылы «Балдырған» балабақшасында 25 орындық МАД тобы және «Балауса» балабақшасында 25 орындық 1 орыс тілінде тәрбиелеп оқытатын топ ашылды, тәрбиешілері: Е.Жеткеевич, Айгерим Әуезова болды.
-Осы жылы қызмет жасаған тәрбиешілері-мамандар: М.Басболаева, М.Смағұлова, Қ.Жыққынбаева, Н.Сариева, Р.Болжанова, С.Құсайынова, С.Есенова, З.Керманова, Қ.Көрпелиева, С.Базарбаева, З.Әзірханова, Ғ.Ерғазиева, Ж.Құрманғалиева, Ж.Абдуллаева, Г.Баймұңалова, Л.Жолдыбаева, Г.Бөгетбай, Ж.Хилибаева, Р.Қилышаева, Г.Байтілетова, Г.Тастемірова, М.Шомақова, Г.Дауылбаева, Е.Жеткевич, А.Әуезова, А.Себепова, Х.Чумекеева, Г.Көрпелиева, О.Өтеулиева, Н.Батихова, Ж.Шораханова, М.Асанова, Қ.Көкекбаева.
-Облыстық «Бала тілі – бал» байқауында Надирова Жансая ІІ орынға ие болды.
2008 жылы- Бейнеу аудандық әкімдігінің 20.05.2008 жылғы №59 қаулысы негізінде «Бейнеу балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны оның құрамынан мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бағдарламасын жүзеге асыратын, түзеу үлгісіндегі білім беру ұйымы болып табылатын «Бейнеу сауықтыру балабақшасы» мемлекеттік мекемесі «бөліп шығару» жолымен қайта құрылды, оның алғашқы директоры болып Тойған Тәуекелова тағайындалды. 24 топ, 420 бала тәрбиеленді.
-Осы жылы 4 балабақша халыққа қызмет көрсетті, олар:
6 топтық 150 орындық «Балдырған» балабақшасы
Меңгерушісі: Маржан Төлегенова;
2 топтық 40 орындық «Үміт» балабақшасы;
Меңгерушісі: Тойған Тәуекелова;
4 топтық 80 орындық «Бөбек» балабақшасы;
Меңгерушісі: Ақтоты Демеева;
6 топтық 150 орындық «Балауса» балабақшасы;
Меңгерушісі: Зәуре Әзірханова тағайындалды.
-10.12.2008 жылы «Мектепке дейінгі мекемелерде балаларға патриоттық тәрбие берудің ерекшеліктері» атты облыстық семинар өтті.
-Балабақшада жалпы 52 педагог- мамандар еңбек етті. Сәуір айында өткен облыстық «Бала тілі – бал» байқауында Ескендірұлы Айбек ІІ орынды иеленді.
-Облыстық «Үздік тәрбиеші - 2008» байқауында Айнур Себепова ІІ орынды иеленді.
-Осы жылы мекеме директоры Д.Ақшабаева «Маңғыстау облысына 35жыл» естелік «Төс белгісімен» марапатталды.
Сол жылдары балабақшада жұмыс жасаған ардагер педагогтар мен балабақшаны басқарған аяулы меңгерушілер осы салтанатты жиынға қатысып отыр. Осы жылдарда сан мыңдаған бүлдіршін-түлектер осы балабақшалардан түлеп ұшып жатты...Соның бір дәлелі – бүгінгі сіздердің алдарыңызда жүргізуші қызметін атқарып тұрған аяулы бүлдіршіндеріміз:
1.Ақшабаев Медет Қуанғалиұлы – жеке сот орындаушысының көмекшісі
2.Марқабаева Меруерт Саматқызы – Гимназия мектебінің 11 сынып оқушысы «Алтын белгі» үміткері.
3.Есен Ізбасар – Бейнеу политехникалық колледжінің 4 курс студенті
4.Сәнімай Абылайқызы – аудандық ауруханада психолог болып жұмыс жасайды.
5.Оңғар Маратұлы – білім бөлімінің маманы
6.Гүлден Сағадинқызы – Алтынсарин мектебінің музыка пәнінен мұғалімі
7.Айберген Санбайұлы –Лицей мектебінің 7 сынып оқушысы
8.Үмітай Орынбасарқызы- Алматы қаласының «» курс студенті
9.Айна Мерекеқызы- Лицей мектебінің 11 сынып оқушысы «Алтын белгі» үміткері
10.Гулмариям Узбекова- Гимназия мектебінің 11 сынып оқушысы «Алтын белгі» үміткері.
2009 жылы- Бейнеу аудандық әкімдігі 14.04.2009 жылғы №67 қаулысы негізінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына тәрбиеленушілерді қабылдау үшін өтініштерді есепке алу, жолдамаларды рәсімдеу мен беру және бюджеттік топтарға қабылдау тәртібі туралы ереже бекітілді. 16 топ, 330 бала тәрбиеленді.
-Облыстық «Үздік тәрбиеші- 2009» байқауында Ментай Асанова І орынды иеленді.
2010 жылы-Бейнеу аудандық білім бөлімінің 10.09.2010 жылғы №134 бұйрығы негізінде «Балапан» бағдарламасын жүзеге асырудың 2010-2014 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында «Бейнеу балабақшасы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынның құрамынан 4 топ, 80 орындық «Балдәурен» балабақшасы бөлімшесі ашылды. Оның меңгерушісі болып Қарагоз Көрпелиева тағайындалды.
Осы жылы балабақшада 28 топта 700 бала тәрбиеленді.
-Осы жылы Бейнеу аудандық білім бөлімінің 01.11.2010 жылғы №153 бұйрығының негізінде «Бейнеу балабақшасы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынның құрамынан 6 топтық 130 орындық «Балбұлақ» балабақшасы бөлімшесі ашылды. Оның меңгерушісі болып Рузья Болжанова тағайындалды және 2 топтық 50 орындық «Балдаурен» балабақшасы жанынан «Әйгерім» бөлімшесі ашылды. Оның меңгерушісі болып Күнсұлу Жаңбырова тағайындалды.
-Осы жылы мекеме директоры Д.Ақшабаева Маңғыстау облысы әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
2011 жылы -Бейнеу аудандық білім бөлімінің 15.12.2010 жылғы №190 бұйрығының негізінде «Бейнеу балабақшасы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынның құрамынан құрамында 8 топтық 200 орындық «Алтын ұя» балабақшасы бөлімшесі ашылды. Алғашқы меңгерушісі болып Ақкүміс Нұрмағанбетова тағайындалды. Жалпы балабақшалар бойынша 37 топ, 925 бала тәрбиеленді.
-Бейнеу аудандық білім бөлімінің 15.03.2011 жылғы №51 бұйрығы негізінде «Балапан» бағдарламасын жүзеге асырудың 2010-2014 жылдарға арналған іс- шаралар жоспарын іске асыру мақсатында «Бейнеу балабақшасы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынның «Балдырған» бөлімшесінің құрамына әлеуметтік жағынан қолдауды қажет ететін отбасы балаларына арналған 1 топ енгізіліп, 7- топ ашылды.
-Аудандық «Ең үздік мектепке дейінгі - 2011» байқауында «Бейнеу балабақшасы» І орынды иеленді.
-«БІЛІМ ҰЯСЫ: Ең үздік мектепке дейінгі ұйым - 2011» атты сырттай облыстық
байқауында «Бейнеу балабақшасының» филиалы «Балдырған» балабақшасы ІІІ орынды иеленді.
-Осы жылы мекеме директоры Д.Ақшабаева Аудандық білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды.
2012 жылы -Бейнеу аудандық әкімдігінің 17.08.2011 жылғы №98 қаулысы негізінде «Балапан» мемлекеттік бағдарламасын тиімді жүзеге асыру және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының желісін кеңейту мақсатында: Бейнеу аудандық әкімдігінің «Балауса балабақшасы», «Балдырған балабақшасы», «Бөбек балабақшасы», «Балдәурен балабақшасы», «Балбұлақ балабақшасы», «Алтын ұя балабақшасы»мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып «Бейнеу балабақшасынан» бөлініп шығарылды.
-«Бейнеу балабақшасы» 175 орындық жаңа ғимаратқа көшірілді. 7 топта 175 бала тәрбиеленді. – Осы жылы «Бейнеу балабақшасының» құрамынан 1 топтық- 25 орындық «Ертөстік бөлімшесі» ашылды.
Сол жылдардан бастағанда балабақшаның тарихы өз алдына бір бөлек.
Жаңа ғимаратта балабақша өз жұмысын қазан айынан бастады. Егемен еліміздің талабына сай мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру, қазіргі заманға сай білімді де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – білімді, жан-жақты тәрбиешілердің еншісінде. Заман өзгерген сайын әдіс-тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып жатыр. Осы орайда балабақшада шығармашылық топ құрылған болатын. Топқа жоғары білімді, жоғары санатты, осы саланың маманы Жаным Кожанова жетекшілік етеді.Балабақшаның шығармашылық тобы әзірлеген «Өлке» авторлық бағдарламасы қолданысқа енгізілді.Қазіргі уақытта балабақша облыстық шығармашылық рейтинг деңгейінде тұр.
Осы жылы 9- қарашада «Бейнеу» балабақшасында «Ауылдық жерлердегі «Балапан» бағдарламасының орындалысы» атты облыстық семинар өтті.
Семинарда балабақша педагогы Элвира Оспанова ағылшын тілінен «Менің отбасым»тақырыбында ашық сабақ көрсетті.
- Балғын бөбектерімізге тәрбие мен білім беретін тәрбиешілеріміздің кәсіби шеберлігі мол, жан-жақты болуы заман талабы. Сондықтан да оларға қойылатын талап та қатаң. Десе де балабақшада жұмыс жасайтын педагогтарымыз жылдар бойы көптеген жетістіктерге жетіп келеді.
«Дарынсыз бала болмайды», дегендей мұндағы балалар да өте талантты, басым көпшілігі аудандық, облыстық, республикалық байқауларға қатысып, жүлделер иеленіп жүр. Балабақшадағы топ балалары жыл сайын өткізілетін «Ханталапай» интелектуальдық ойыны,«Жауқазын» шығармашылық өнер фестивалінен, «Әрқашан күн сөнбесін!» қолөнер байқауынан жүлделі орындарды иеленген. Бұл жас өреннің өнерін ұштау, өрісін кеңейу бағытында жасалып жатқан жұмыстардың жемісі екені даусыз.
- Осы жылы ағылшын тілі маманы Тастемирова Гаухар облыстық «Үздік педагог-2012» байқауының бас жүлдегері, «Жыл адамы-2012» номинациясын иеленді.
2013 жылы- «Маңғыстау Маңғаз мекенім» атты аудандық педагогикалық оқылымда әдіскер Кожанова Жаным 2-орын, мекеме директоры Д.Ақшабаева 1-орынға ие болды.
-Облыстық педагогикалық оқылымда мекеме директоры 3-орын алып, Республикалық «Педагогтың кәсіби өсуі-білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің басты шарты» атты білім беру қызметкерлерінің Бірінші Республикалық педагогикалық оқуларына қатысып, 4 томдық Республикалық «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының әзірлеген баяндамалар жинағына енді.
-Астана қаласы «Ұлттық Бизнес-рейтинг» бойынша мекеме «Сала көшбасшы-2013» медалімен, «Лидер отрасли -2013» сертификатымен марапатталды.
-Мекеме есепшісі Қ Сәрсенбаева «За эффективность» медалімен, Ресей, Украйна, Беларуссия және Қазақстан Республикасы кәсіпорындары арасындағы ұлттық бизнес-рейтинг қорытындысымен
-Мекеме директоры: Национальный сертификат «Специалист года 2013», «Слава Казакстана» Орденімен марапатталды.
-Осы жылы мекеме директоры Д Ақшабаева аудан әкімінің Алғыс Хатымен марапатталды.
2014 жылы - аудандық «Үздік педагог»-2014 сайысында тәрбиеші Кожанова Жаным 1-орынды иеленді.
-«Ең үздік ұйым -2014» облыстық байкауында «Бейнеу» балабақшасы БАС ЖҮЛДЕ иеленді. Облыстық білім департаментінің Дипломымен марапатталды.
-Осы жылы мекеме директоры Д. Ақшабаева Қазақстан маслихаттар депутаттары бірлестігінің «Қазақстан маслихаттарына 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
-Осы жылы ән-саз жетекшісі С.Базарбаева Маңғыстау облыстық филиалы «Нұр Отан» партиясының Алғыс Хатымен марапатталды.
2015 жылы- аудандық 1941-1945ж.ж Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына арналған аудандық сырттай мәнерлеп оқу сайысында, Амантай Аиза І орын иеленді.
-Аудандық Ұлыстың Ұлы күні наурыз мерекесіне орай «Қош келдің, Наурыз!» атты 5-6 жас арасында сырттай аудандық сурет байқауында Қарабала Айгерім Бас жүлдені иеленді.
-1941-1945ж.ж Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына аранлған әскери-патриоттық әндерін сахналау аудандық байқауында жеке номер бойынша «Бейнеу балабақшасы ұжымы» ІІІ орын иеленді.
-1941-1945ж.ж Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына аранлған әскери-патриоттық әндерін сахналау аудандық байқауында ансамбльдер бойынша «Бейнеу балабақшасы ұжымы» І орын иеленді.
2015 жылы– қаңтар айында мекеме директоры болып С. Базарбаева тағайындалды.
-Қазан айында «Бейнеу бөбекжайы»МКҚК мемлекеттік аттестациядан өткізілді.
-«Үздік тәрбиеші – 2016» аудандық байқауында А.Кульсумакова III орынды иеленді.
2016 жылы - сәуір айында мекеме қарауындағы «Ер Төстік» бөлімшесі жабылып, балабақша 7 топтық 175 баламен қалдырылды.
- Аудандық «Білім берудегі инновация және тәжірибе –уақыт талабы» тақырыбындағы педоқылымда тәрбиеші А.Кульсумакова III дәрежелі Дипломмен марапатталды.
- Тамыз айында өткізілген «Үздік тәрбиеші – 2016» аудандық онлайн байқауында Ж.Хожахметова III орынды иеленді.
2017 жылы– қаңтар айында мекеме директоры болып Д. Ақшабаева тағайындалды.
-Ақпан айында мекеменің озық тәжірибесі «Мектеп жасына дейінгі баланы заман талабына сай тәрбиелеу» - тақырыбында өткен облыстық семинарда «Бейнеу бөбекжайының» озық тәжірибесі көрсетілді.
-Ақпан айында, мекемеде «Жаңа инновация – заман талабы» атты аудандық семинар өтті.
-«Бейнеу бөбекжайы» МКҚ кәсіпорны аудандық семинар қабылдағаны үшін Аудандық білім бөлімінің АЛҒЫСымен марапатталды.
-Наурыз айында өткізілген «Үздік тәрбиеші – 2017» аудандық байқауында Алтынай Кожанова II орын иеленді.
-Наурыз айында өткізілген «Болашақ – білімді ұрпақтың кепілі» атты аудандық педагогикалық оқылымда Нуржамал Тореханова II орынды, облыстан «ынталандыруға» ие болды.
- аудандық «Жомарт жүрек,жұмсақ қол»қайырымдылық шарасында балабақша ұжымы III орынды иеленді.
-Осы жылы мамыр айында балабақшада аудандық Директорлар семинары болып өтті.Мекеме аудандық білім беру бөлімінің АЛҒЫСымен марапатталды.
-Осы жылы Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ұйымдастырған «Табиғатпен үндес балабақша» байқауында I дәрежелі Дипломмен марапатталып,300000 теңге ақшалай сыйлық алдық.
-2016-2017 оқу жылының қорытындысы бойынша «Үздік білім беру ұйымының басшысы» номинациясымен Д.Ақшабаева марапатталды.
2018 жылы ақпан айында ағылшын тілі маманы Тастемірова Гаухар «Жанашылдық, өзгеріс, жаңа әдіс-тәсілдер-балабақшада»тақырыбындағы педоқылымда ауданнан БАС ЖҮЛДЕ, облыстан ынталандыруды иеленді.
-сәуір айында Атырау қаласында өткен республикалық «Мәңгі ел-Қазақстаным» атты шараға тәрбиеленуші Аманқос Назерке қатысып, I орынды иеленді.
-мамыр айында Араб елшілігінде «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігі ұйымдастырған шараға балабақша ән-саз маманы Батихова Нуржанат қатысып, арнайы Диплом және «Бейбітшілік әлемі» медалімен марапатталды.
Ата-анадан кейін баланың өсіп жетілуіне, ортаға бейімделуіне балабақшалардың қосар үлесі зор ғой.Себебі, қазіргі таңда бала тәрбиесінде басым бағытқа ие-балабақша.
Сөзімді түйіндей келе, А.С.Макаренконың: «Адамды бақытты қылу мүмкін емес, бірақ оны бақытты болатындай тәрбиелеуге болады» деген сөзін еске ала отырып, балаларымызды бақытты етіп тәрбиелеуге тырысайықшы!
Тарихы тереңге тартқан балабақшаның болашағы да зор. Мерейтойыңмен, балабақша!
- Балғын бөбектерімізге тәрбие мен білім беретін тәрбиешілеріміздің кәсіби шеберлігі мол, жан-жақты болуы заман талабы. Сондықтан да оларға қойылатын талап та қатаң. Десе де балабақшада жұмыс жасайтын педагогтарымыз жылдар бойы көптеген жетістіктерге жетіп келеді.
«Дарынсыз бала болмайды», дегендей мұндағы балалар да өте талантты, басым көпшілігі аудандық, облыстық, республикалық байқауларға қатысып, жүлделер иеленіп жүр. Балабақшадағы топ балалары жыл сайын өткізілетін «Ханталапай» интелектуальдық ойыны,«Жауқазын» шығармашылық өнер фестивалінен, «Әрқашан күн сөнбесін!» қолөнер байқауынан жүлделі орындарды иеленген. Бұл жас өреннің өнерін ұштау, өрісін кеңейу бағытында жасалып жатқан жұмыстардың жемісі екені даусыз.
-Сондықтан да, біз талантты бүлдіршіндерді танып, олардың талабын ұштау бағытында көп жұмыстанамыз. Әр түрлі байқауларға қатыстырып, бағыт-бағдар беріп отырамыз,-дейді тәрбиешілер.
Балабақшада шығармашылық топ жұмыс жасап келеді.
-Топ жетекшілері жұмысын енді бастаған жас мамандарға бағыт-бағдар беріп, тәжірибелерімен бөлісіп, білімдерін шыңдау мақсатында арнайы сабақтар өткізіп тұрады. Сол арқылы біз жас мамандарды осы саланың нағыз майталманы етіп шығарамыз»деп айтуға толық негіз бар.
Мұндағы тәрбиешілердің де жетістіктері мол.
1.1.Тарих
Біздің балабақшаның тарихы, біздің туған ауыл тарихымен байланысты, әрине
Тәрбиеші болу - бақыт (эссе)
Мен бүгін
Ерекше бір сезіммен ояндым,
Сәулелі шуақты ақ таңға боядым,
Жүректе қуаныш, бойда күш тасыған,
Өмірімнің мәніне айналған,
Бүлдіршіндерді көремін тағы да қасымнан!
Мынау менің балабақшам... Мынау менің кішкентай бөбектерім... Әр күні олардың сүйкімді жүзін көргенде еріксіз күлімсіреймін. Өйткені олар мені қуана қарсы алады. Қуанышын жасыра алмай еркелей алдыма келеді. Бір үйдің үміті, шырағы, аяулысы, ардағы, еркесі, бұзығы, қызығы. Мен олармен бірге жүрсем, балаша қуанып, мына өмірге балаша қарағым келеді.
Мен тәрбиешімін... Осынау мамандықтың қызығы мен қиындығын өзі бала ортасында жүрген жан ғана түсіне алады. Жер бетінде тәрбиеші алдын көрмеген адам кем де кем, мүмкін бұл мамандық содан киелі шығар...
Дән егіп өсіруден, балапан салып ұшырудан бала тәрбиелеп, балабақшада бүлдіршіндерге өмірде не дұрыс, не бұрыстығын түсіндіріп өсіру ең қиын іс дер едім. Өйткені егінші көктемде алдағы жайма шуақ жазға арқа сүйеп егін егеді. Ал құс көктемде ұя салып, күздің суығында балапанын қатайтып ұшырады да нәтижесі бірден көзге көрінеді. Ал тәрбиеші ше? Күздің қоңыраулатқан күніне де, қыстың қаһарына да, көктемнің лайсаңына қарамай табиғат ананың жаңаруымен бірге құстарын баптайды. Бір қарағанда, тәрбиеші тірлігі диқан мен құс сияқты болғанымен, табиғат кезеңіне қарсы жүзіп өз дәнін шашатын диқан, балапанын баптаған құс сияқты. Бірақ нәтижесі бірден көзге көріне қоймайды. Көп жылдар өте, кезінде алдында бүлдіршін болған азамат асқар таудай өсіп, еліміздің мақтанышына айналса - міне, нәтиже.
Мен балаларды жанымдай жақсы көрем... Өйткені бала мен үшін тазалық пен пәктіктің, шынайылық пен туралықтың айнасы. Олар қуанса шын қуанып, ренжісе шын ренжи біледі. Олардың жаны жалғандықты, жасандылықты сүймейді, не айтса да әділ, шындықты айтады. Көздері мөлдіреген, жүздерінде күлкі ойнаған балаларға қарасаңызшы...
Адам баласы балалық шақта қандай сұлу, қандай нәзік, қандай аңғал, қандай таза еді... Әр бала өзінше бір әлем... Жаны жақсылыққа құмар, арманшыл... Тәрбиеші мамандығының киесі де, қиындығы да осы періштелерді үлкен өмірге, қалтарыс - бұлтарысы көп өмірге даярлап, қанаты қайырылмайтындай етіп тәрбиелеуде емес пе?!
Жасыратыны жоқ, осы мамандықты таңдаған жандардың кәсібіне көңілі толмай қиындығын айтатындары көп, ал мамандығын өзгертетіндер сирек... Оның себебі, сүйкімді балалардың киелі ортасы тәрбиешіні нәзік жіппен өзіне байланыстырып қоятындай.
Мен балабақшада үшінші жыл еңбек етудемін, бұл еңбектен ешбір жалыққан емеспін. Өйткені менің жас бүлдіршіндерге арнаған осы уақытымды өмірімдегі ең бір бағалы уақытым, бақытты кездерім деп айта аламын.
Күнде ертеңгісін балабақшада жас бүлдіршіндерді қарсы алып, олардың жағымды үндерін, сыңғырлаған тәтті күлкілерін, «Сәлеметсіз бе?», «Қайырлы таң!» деген сөздерін естігенде, бойым бір серпіліп қалғандай болады. Балалармен болған әрбір уақытым мені жаңа бір әлемге жетелегендей. Әрдайым балалардың маған деген ықыласын, маған ұмтылған үмітке толы көздерін, не нәрсені білуге құштар шабытты, сұраулы жанарларын байқаймын. Олардың менен күтетіндері өте көп екенін сеземін... Балабақшаға бара жатқанда басыма сол күннің жұмысы туралы неше түрлі ойлар келеді. Ойларым сан түрлі болады: менің кішкентай достарым қандай көңіл күймен келер екен? Күніміз қызықты өту үшін оқу іс - әрекетін, ойын түрлерін қалай өткізсем екен?..
Әрине әрбір оқу іс - әрекетіме жауапкершілікпен қарап, дайындалуды еш жадымнан шығарған емеспін.
Әрбір оқу әрекеттерім жас бүлдіршіндер үшін өз құпиясын ашқан сыр сандықтай болса, өзім сол тылсымы мол жұмбақ әлемнің сиқыршысындай боламын. Әр күннің сәтті шығуы, әрине өзіме байланысты.
Жас өспірімдерді тәрбиелеуде ерекше қабілет пен асқан біліктілік, балаға деген сүйіспеншілік қажет. Өз педагогикалық тәжірибемде, қандай білім беру саласында болмасын әр жұмыстың тартымды, сәтті шығуы тәрбиешінің бала назарын еріксіз оқу іс - әрекетіне аударту, баламен оқу іс - әрекеті үстіндегі әрбір қарым - қатынасты шебер ұйымдастыра білуіне байланысты екеніне көзім жетіп жүр. Көбінесе жұмысымның негізгі
бөлімдеріне ғана назар аударылып, ұйымдастыру бөлімінде өткізілетін психологиялық тренингтер, сергіту сәттерінің алар орны ерекше. Мысалы, «Әуенді шапалақ», «Банан, банан, кокос» тренингтерінде тәрбиеленушілерім ерекше көңіл күйге бөленеді. Ал мерекелік іс - шараларда « Шалқан», «Қасқыр мен жеті лақ», «Бауырсақ» ертегілерін сахналағанда түрлі рөлге енемін, бірде Ақшақар, бірде шалқан, бірде сайқымазаққа айналғанда балапандарымның қуанышын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Алдыма келетін балаларды үлкен жауапкершілікпен осы ғажайып әлемнің тылсымына ендіру маған үлкен ләззат сыйлайды. Педагогикалық шеберліктің мәні алдымен қызықтыру, сонан соң үйрету деген тұжырымдамасын негізге аламын. Менің негізгі мақсатым – балаларға жақсы көңіл - күй сыйлай отырып, саналы тәрбие, сапалы білім беру. Өзімді жұмыс барысында балаларға бағыт беруші, жол сілтеуші сезінемін. Бұл балалардың өзіне деген сенімін арттырып, оқу іс - әрекеттеріне деген тұрақты зейінін қалыптастыруға, қызығушылығын оятуға жағдай туғызады.
Тәрбие – отбасынан басталатындықтан қашанда тәрбиеленушінің ата - ана, жанұясымен жете танысып, үнемі қарым қатынаста болуды өзіме басты мақсат етемін. Ол біздің ортақ баламыз екендігін сезінуге үйретуге тырысамын. Бірде кезекті ата - аналар жиналысының бірінде әңгімені былай бастадым:
Бір бала анасына келіп:
- Ана, сен мені жақсы көресің бе? – депті.
- Әрине, сен жақсы болсаң ғана жақсы көрем,– деп жауап қайтарыпты анасы.
- Ал, мен сені үнемі жақсы көрем, - деген екен сонда баласы.
Сол кезде аналарымның көздеріне жас келгенін байқадым. Енді олар балаларына басқаша қарайтынын сезіндім. Кез - келген бала – дарынды немесе дарынсыз болсын, жылдам немесе ақырын қимылдасын – бәрібір өзіне деген сүйіспеншілік пен құрметті қалайды. Сондықтан да әр баланың жанын түсініп, мақтап, қолпаштап, көмек көрсету арқылы қызметімде тек қана жақсы жетістікке қол жеткізетініме сенемін. Тәрбиеші деген сөздің мағынасына үңілсек, мақсаты тәрбие беру екенін түсінеміз. Адамның жаны мен тәні қашанда тәрбиеге мұқтаж екендігін ескерсек, тәрбиешіге артылар жүк жеңіл еместігіне көзіміз жетеді. Балабақшада дұрыс тәлім - тәрбие бере алсақ, ол ертең мектепке барып саналы түрде сапалы білім алуға тырысады. Соның нәтижесінде елін сүйген азамат болып шығады. Біз, тәрбиешілер, түрлі болашақ маман иелерін тәрбиелеп жатырмыз десем артық болмас. Болашақ заңгерлерді - әділдікке үйрету, дәрігерлерді - жауапкершілікке баулу, мейірімділікке үйрету, құрылысшыларды - нақтылыққа тәрбиелеу – барлығы тәрбиешінің қолында. Сондықтан да өз бойымызда әділдік те, мейірімділік те, жауапкершілік те болу қажет. Тәрбиеші жұмысы – оңай жұмыс емес. Бірақ абыройлы, сыйлы. Жақсы тәрбиешіні балалар ешқашан ұмытпайды. Оған мысал, көктемде ғана қимастықпен мектепке дейінгі даярлық тобына шығарып салған тәрбиеленушілерім. Олармен кездесе қалсам, маған ұмтылған сағынышқа толы жанарларын көремін. Сол кезде балабақшадағы қызықты қылықтары, бұзықтықтары есіме түседі. Бірін ұмытпайды екенсің...
«Ел есіңде бір жыл қалғың келсе - ас бер, он жыл қалғың келсе - ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе - бала тәрбиеле» дейді дана халқымыз. Баланың ой - өрісін дамытуға, олардың қиялына қанат бітіріп, тіл байлықтарының молаюына біздің тәрбиешілердің сіңірер еңбегі орасан. Сондықтан да Сөзіміз – түзу, Еңсеміз – биік, Рухымыз – мықты болсын десек бірегей тәрбиеші мамандығын ұлықтай білейік. Ұрпағымыздың тамырына нәр беретін мамандық екендігін естен шығармайық.
«Білерім - бір тоғыз, білмейтінім - тоқсан тоғыз» демекші, білген сайын білмейтінін көп екенін ұға түсесің. Сондықтан да шығар белестерім әлі алда. Білімімді кеңейтіп, тәжірибе жинау алдымда. Білімді ешқашан өзін білгіш қып көрсетуге тырыспайды. Шын білімдінің зейін - зердесі кең, алыстан қарасаң - кербез, жақыннан қарасаң - кішіпейіл. Жүзіне үңілсең - мейірімді, жанына үңілсең - шуақты көрінбек.
Міне, осындай кербез, кішіпейіл, мейірімді, шуақты тәрбиеші атансам - адами парызымның орындалғаны болар.