Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Бейнеу» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының 2023 жылға жылдық қорытынды есебі.
Бөбекжай оқыту мен тәрбиелеу бойынша ҚР мемлекеттік білім беру стандарты талаптары негізінде құзіреттілікті қалыптастыру ортасы болып жасақталды. Жаңа оқу жылында бөбекжайдың материалдық-техникалық базасы жаңартылды: оның ішінде 100 дана балалар отырғышы, барлық топтарға заманауи балалар ойыншықтары, шаңсорғыштар, екі ауысымды ыдыстар, телевизор, заманауи интерактивті стол, және 175 балаға қажетті жұмсақ мукамалармен жасақталды. Кәріз құдығына жеңіл жөндеу жұмыстары жасалды. Интеллектум, ата-аналарға арналған консультациялық кабинеттерге жеңіл жөндеу жұмыстары жүргізілді.
​Бөбекжайдағы 22 педагогтың 2- педагог-сарапшы, 5- педагог-модератор, басшы- 2-ші категориялы басшы. Педагогтар 100% біліктілік курсынан өтті.
​2023 жылдың 15 қыркүйек күні тұрақты 1 тәрбиешінің бос жұмыс орнына конкурс өткізіліп, ҚР Білім және Ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына сәйкес конкурс нәтижесінде 1 педагог тұрақты болып жұмысқа қабылданды.
Бейнеу» бөбекжай өмірінің шаралары әлеуметтік желілерге: Facebook, youtube, вебсайт парақшаларына жүктеліп отырады.
Жылдық жоспарға сай байқаулар, ертеңгіліктер, ата-аналармен өткізілген іс-шаралар, тренингтер, семинар, дөңгелек үстелдер т.б.алуан түрлі шаралар өткізіліп келеді.
Бөбекжай педагогтары мен тәрбиеленушілері аудандық, облыстық, республикалық дәрежеде өткізіліп жатқан байқаулардан тыс қалған емес. 2022-2023 оқу жылының қорытындысы бойынша «Үздік бөбекжай» 2-орын иегері, «Өнерлі бала» облыстық байқауынан «Үздік балалар биі» номинациясы, республикалық байқаудан «Үздік композиция» номинациясы, «Менің елім-Қазақстан» патриоттық әндер байқауынан республикадан 3-орын, облыстық «Үздік жылыжай» байқауынан 2-орын, облыстық «Шаңырақ» байқауынан «Дәстүрін дәріптеген отбасы» номинациясы, облыстық «Балаларға базарлық» байқауы ынталандыру, облыстық «Жауқазын» өнер фестивалі ынталандыру, «Жаңашыл басшы» республикалық байқауынан 3-орын, ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған «Үміт» фестивалінен педагогтарға «Алғыс» және балаларға ойын-сауық кешеніне 20000 (жиырма мың) сертификатын иеленді. Балабақшада «Өлке» және «Фито дәріхана» жобалары жұмыс жасайды.
Баланың даму деңгейі мен динамикасы мектепке дейінгі білім беру тиімділігінің сапасын бағалаудың қажетті көрсеткіштері болып табылады. «Бейнеу» бөбекжайы» 2023жылдың 1 қыркүйегінде озық іс-тәжірибені тарату және енгізу үшін мектепке дейінгі ұйымдардағы құзіреттілік орталығының жұмысын бастады.
Орталыққа 3 топ, 75 бала тартылды.
Жұмыстың негізгі мақсаты: Мектепке дейінгі ұйымдардың тәжірибесіне мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы озат тәжірибені тарату және енгізу, педагогтардың жүктемесін азайту, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын арттыру. Балалардың заттық-кеңістіктік дамытушы ортасын ұйымдастыру арқылы дамуына жағдай жасау, сондай-ақ балаларды өзара қарым-қатынаста жұмыс істеуге үйрету және олар үшін жағымды тәжірибелерді қалыптастыру үшін ойындарды пайдалану.
Бөбекжайда тәрбиешіге, балаларға, ата-аналарға барлық жағдай жасалған.Мұнда ең алдымен қауіпсіз, қолжетімді орта жасалды, кіру және шығу қолжетімді ұйымдастырылған, жақсы жарықтандырылған, балалардың ойнауға жеткілікті кеңістігі бар екенін және безендірулер олардың жасына сәйкес келетінін атап өткен жөн. Қосымша жасақталған орталықтар: медитация, йога, дене шынықтыру орталығы, құрылыс орталығы және оқшаулау бұрышы, патриоттық сезім мен ұлттық мәдени дәстүрлерді тәрбиелеуге арналған ұлттық бұрыштар.
Дәліздерге «сөйлейтін қабырғаларға» арналған бизибордтар, тақталар, дене шынықтыру аймағына өрмелеу текшелері, жұмсақ матылар, ірі моториканы дамытуға арналған құрастыру ойыншықтары және сюжетті-рөлді ойындар жасақталды.
Құзіреттілік орталықтарды ұйымдастыру үшін топтарға тәрбиешілерді таңдау кезінде бірінші кезекте тәрбиешінің тәжірибесі, біліктілік санаты, еңбек өтілі және жеке ерекшеліктері ескерілді.
Дамытушылық бағдарламалардың мазмұны мен сапасына тоқталатын болсақ, тәрбиешілер өз жұмыстарында келесі технологияларды пайдаланады – Тәй-тәй технологиясы, ТРИЗ технологиясы, Воскобович технологиясы, Жіп графикасы технологиясы, Су-джок технологиясы, Мнемотехника технологиясы, Мандала технологиясы, 4К моделі сонымен қатар тақырыптық күнтізбе.
Баланың қауіпсіз ортасы үшін мекеме 40 цифрлы камера құрылып, орталықтандырылды.
Қол жеткізген нәтижелер:
1. Педагогтардың жеке тұлғалық жетістіктері рейтинг арқылы бағаланды.
2. Педагогтар портфолиосы қалыптасты.
3. Жұмыс тәжірбиесімен БАҚ материалдар жарияланып отырды.
4. Медициналық, әлеуметтік-педагогикалық , психологиялық мониторингтер жасалып, өткізіліп тұрды.
5. Озық педагогикалық іс-тәжірибелер зерделеніп ұйым қызметіне енгізілді.
6. Педагогтардың өздігінен білім алуының тиімді жүйесі ұйымдасты шығармашылық есептер, тұсаукесерлер жасалды.
7.Заттық-дамушы орта қалыптастыру бойынша ұйымдағы инклюзия кабинеті заманауи материалдармен толықтырылды.
8.Ғылыми, оқу-әдістемелік, көркем әдебиет қорын жаңарту мақсатында «Абай әлемі» шағын кітапхана кітаптар мен әдістемеліктермен толықты . Рухани жаңғыру жобасы бағдарламасы аясында «Ұмыт қалған бұйымдар» шағын музей жаңа экспонентермен толықтырылды . Ол жоба өзінің ғылымилығымен бүлдіршіндердің өрісін кеңейтуде маңызды роль атқаруда.
9.Емдеу сауықтыру үдерісі жүйесінің моделі негізінде «Фитобар» баланың денсаулығы мен иммунитетінің қалыптасуында жүйелі жұмыс жасауда. Өз қолымызбен егіліп, жемісін жинау арқылы әртүрлі қайнатпалар даярланып, дәрігер нұсқауымен балаларға беріліп келеді.
10.Тиімді ғылыми-әдістемелік қызмет жүйесі бойынша:
Педагогтар жұмысында технологиялау жолға қойылды. Оқыту мен тәрбиелеуде балаларды ерте жастан бейімдеп, дамытушы жобаның оқыту технологиялары енгізілді. Бұл бағытта дамуды интеллектум құралдары арнайы жұмыс жасалуда.
Педагогтар бақылаудың жеке карталарын жасап, бала дамуының траекториясы мен мониторингін жасап келеді.
11.Ата-аналармен жасалатын жұмыстар бойынша: Арнайы жоба жасақталды оның ішінде «Жылыжай жобасы», «Көңілді көкөністер», «Ағаш егу» акциялары, денсаулықты нығайту бойынша дәрілік шөптермен жұмыс, «Өлке» жобалары жұмыс жасап баланы еңбекке баулуда.