Бүгін «Бейнеу» бөбекжайында көңіл-күйді көтеру, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болу мақсатында «Күлімде, өмір ғажап!» атты психологиялық тренинг өтті.
Тренинг барысында педагогтар белсенділік танытып, өз ойларын ашық айтып, алған әсерлерімен бөлісіп, бір-бірлеріне деген жылы лебіздерін білдірді.