Бейнеу ауданының 50 жылдығына орай «Бейнеу» бөбекжайы» ЖБҚ МКҚ кәсіпорынында «Тарих толқынында» атты шара өтті. Шарада «Бейнеу 50 жыл» монументімен бірге «Бейнеу» бөбекжайы» МКҚК тарихының энциклопедиялық жинағының тұсауы кесілді. Сонымен бірге Маңғыстаулық белгілі сазгер М.Ордабаевтың әніне жазылған «Балабақшам-Бейнеуім» әнінің тұсауы кесілді.