23 қараша күні "Экологиялық тәрбие болашақ кепілі" тақырыбында: Табиғат әлеміне қамқорлық жасау және күтіп баптаудағы баланың іс-әрекеті бойынша балабақшаішілік семинар-практикум өтті.
Тәрбиеші, педагог-модератор А.Алпысбаева баланың іс-әрекеті жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, II санатты тәрбиеші М.Наушабаева "Су-тіршілік көзі" тақырыбында тәжірибе жасап көрсетті. Тәрбиеші, педагог-модератор Н.Елеусинова "Ғажайып ойын алаңы" атты педагогтарға арналған іскерлік ойын жүргізді. II санатты тәрбиеші А.Алтыбаева тақырыпқа байланысты қалдықтарды пайдалана отырып, әр түрлі макет жасап, педагогтармен шебер сынып өткізді.
Семинар соңында II санатты тәрбиеші А.Хыдырбаева балалардың ой -өрісін ойын арқылы дамыту бойынша ойын өткізіп, қорытындылады
https://beineu-yasli-sad.kz/kz/zhanaly-tar/181-1148.html#sigFreeId6ea6741bf1