🤾🏻‍♂️Шынықсаң шымыр боласың, 🤾🏻‍♂️Сауығып айдай толасың. 🤾🏻‍♂️Спортты серік ете біл, 🤾🏻‍♂️Жақсы азамат боласың. “Бейнеу” бөбекжайында дене шынықтыру маманы А.Ещанованың ұйымдастыруымен «Толағай» отбасылық сайысы өткізілді. Сайыста Имановтар, Жанашовтар, Алиевтар отбасы 🥇орын, Сағындықовтар, Есбергеновтар, Ерубаевтар отбасы 🥈орынды иеленді. Сайысқа төрелік еткен әділ қазылар алқасы әділ бағасын беріп, келешек осы балалардың колында және өскелең ұрпақ шымыр, дені сау болып өсуіне спорттың пайдасы көп екенін айтты. Отбасылық сайыс өте тартысты әрі қызықты өтті. Қатысқан ата-аналарымызға алғысымызды білдіреміз!💐