«1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірілігі» күні! 🕊Мамырдың бірі, достық күні, 🕊Ән салып, билеген халықтың үні. 🕊Тұтасып, тойлаған ұлттар, 🕊Керемет мереке, мамырдың бірі. «Бейнеу» бөбекжайында «Ортақ мекен-жер шары» атты мерекелік шара өтті. Мақсаты:Балаларға бірлік, ынтымақтастық, достық туралы түсініктерін кеңейту. Отанын сүюге, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға, достыққа тәрбиелеу. Балалар әр түрлі ұлт өкілдерінің киімдерін киіп, салт-дәстүрлерімен танысып, ән айтып, би билеп өз өнерлерін көрсетті. Мереке Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталып, достық әнімен жалғасын тапты.