Ағымдағы жылдың 13 сәуір күні тәрбиеші Мұратова Мадинаның ұйымдастыруымен жол ережесін білудің маңыздылығын түсіндіру мақсатында "Балақай,жолда жүру ережесін білесің бе?" атты МАИ қызметкері Аманқұлов Дәурен Сабырбайұлы және Бейнеу аудандық жергілікті полиция бөлімшесінің ювиналды полиция тобының инспекторы Рахметолла Нұрсауле Жомартқызымен кездесу өтті. МАИ қызметкерлері балаларға жол ережесін сақтауды, жаяу жүргіншілер жолынан ата-анасымен бірге өту керек екенін түсіндірді және балалармен көңілді ойындар ойнатылды.