Сіздерді көктемнің ең сұлу, ең жарқын мерекесі – 8 наурызбен құттықтаймыз! Бұл күн сіздердің мейірімдеріңіз бен еңбектеріңізді, төзімділіктеріңіз бен нәзіктіктеріңізді еске түсіретін ерекше күн. Сіздер әлемді сұлулықпен, жылылықпен және қуанышпен толтырасыздар. Барлық армандарыңыз орындалып, өмірлеріңізде тек қана бақыт пен қуаныш болсын!
Осы мерекеге орай бөбекжайымызда ертеңгілік өтіп, бөбекжай қызметкерлері аудандық алғыс хатпен және "Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы" қоғамдық бірлестігі Бейнеу ауданы филиалының құрмет грамоталарымен марапатталды.
https://beineu-yasli-sad.kz/kz/zhanaly-tar/442-sizderdi-k-ktemni-e-s-lu-e-zhar-yn-merekesi-8-nauryzben-tty-tajmyz.html#sigFreeIda1e0b503b8






