Қараша айының 15-жұлдызында мектеппен сабақтастық жұмыс жоспары бойынша бөбекжай тәрбиеленушілері мен Құлшар Бақтыбайұлы атындағы Бейнеу өнер мектебінің балаларының оқушыларымен бірге Шабыт жобасы аясында Домбыра күні өткізілді.Шабыт жобасы аясында Домбыра күні — ұлттық мәдениеттің алтын қазынасы домбыраны ұлықтап, оған деген құрметімізді білдіру мақсатында ұйымдастырылып жатқан ерекше шара. Бұл күні тек домбыраның сазды үні ғана естілмеді,сонымен қатар, қазақтың бай музыкалық мұрасы мен ұлттық дәстүрлерін сақтау, оларды болашақ ұрпаққа жеткізу жолындағы ұмтылыс байқалды. Домбыраның әрбір үні арқылы қазақ халқының тарихы, рухы, мәдениеті тірі қалады. Өткізген хореограф: М.Муратова
https://beineu-yasli-sad.kz/kz/zhanaly-tar/364-arasha-ajyny-15-zh-ldyzynda-mekteppen-saba-tasty-zh-mys-zhospary.html#sigFreeIdcdc291b235