"Әжелер мен аналар" мектебінің жоспары бойынша қазан айының 22 - жұлдызында қыз балалардың бойындағы ептілік пен инабаттылықты танып білуге, мәдениетті сөйлей білуге және күз мезгілі туралы білімдерін жетілдіруді жалғастыру мақсатында “Күз ханшайымы” байқауы өтті.
Байқауда қыздарымыз 3 - кезең бойынша сынға түсті. Сайыс қорытындысы бойынша:

Төлеген Айназым - Бас жүлде
Берік Томирис, Тобышбек Айару, Дүйсенбай Аяулым 1 - орын.
Таңжарбай Інжу, Айболатқызы Айым, Әбдікәрім Жібек 2 - орын.
Жәнібек Шұғыла, Бөкенбай Жансая, Тулеген Айлин, Жеңісбайқызы Раяна 3 - орынға ие болды.
Өткізген хореограф: М. Муратова.