Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңірлеріндегі су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты Қазақстан халқына үндеу жасады. "Табиғи апаттың салдары қаншалықты күрделі болса да, біз қиындықты міндетті түрде еңсереміз, барлығын қалпына келтіреміз, бастысы азаматтардың амандығы" деп халықты сабырлылыққа шақырды. Бұл жағдай бәріміздің де жанымызға батты. Қолымыздан келгенше көмек беріп, әрқашан сіздермен бірге екендігімізді білдіргіміз келеді. Бірлігіміздің арқасында осы қиындықты да бірге еңсереміз.
"Бейнеу" бөбекжайы" ЖБҚ МКҚК ұжымы