Консультациялық пункттің жоспары бойынша "Әжелер мектебі" мен "Аналар мектебі" құрылып, жоспары жасақталып, бекітілді. Жоспарға сай, 1- ақпан күні " Шуағын шашқан әжелер!" атты дөңгелек үстел болып өтті. Мақсаты: Қазақ халқының көне дәстүрі мен салтын әжелер мен аналар өнегесі арқылы дәріптеу және балабақша мен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайту, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау, рухани тәрбие беру.