Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ынтымақтастықты жетілдіру, спорттық дағдыға баулу мақсатында ата-ана мен педагогтар арасында балабақшаішілік "Намыс дода"спорттық сайысы өткізілді. Сайыс шарты бойынша "Тұлпар 1" және "Тұлпар 2" командалары өздерін таныстырып, әр түрлі спорттық жаттығуларды орындады. Қорытынды кезеңде "Тұлпар 2" командасы І орынды, "Тұлпар 1" командасы ІІ орынды иеленді. Өткізген: дене шынықтыру маманы
А. Ещанова