25 қазан - Республика күні!
Бүгін «Аққу» тобында Республика күніне арналған тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Балаларды өз Отанын сүюге, елінің Туын, Елтаңбасын, Гимнін қастерлеуге, өз елінің тарихын білуге тәрбиелеу. Еліне деген патриоттық сезімдерін ояту. Тәрбие сағатында Қазақстан Республикасының Гимні шырқалды. Балаларға 25-қазан Республика күні туралы мағлұмат берілді. Балалар әртүрлі ойындар ойнады, тақпақтар айтты.
Тәрбиешілері: Кульсумакова А., Ишмуратова Р.