🍂Келді міне күз,
🍂Айнала сары түс.
🍂Керемет, тамаша,
🍂Қандай әсем күз.
18 қазан күні «Қарлығаш», «Аққу» тобы бүлдіршіндерінің қатысуымен «Күздің әсем жырлары» және «Арайлы алтын күз!» атты ертеңгілік өтті. Мақсаты: Балаларды күз мезгілінің табиғат ерекшеліктерімен таныстыру, мерекелік көңіл-күй сыйлау. Бүлдіршіндер өз өнерлерін көрсетті. Күз ханшайымымен ән, тақпақтарын айтты, би биледі, ойындар ойнады. Балаларымыздың көңіл-күйлері көтеріліп, таң-тамаша болды.
“Қарлығаш” тобы тәрбиешілері:
Есниязова З., Елеусинова Н.
“Аққу” тобы тәрбиешілері:
Кульсумакова А., Ишмуратова Р.