Ағымдағы жылдың 27-қыркүйек күні “Бейнеу гуманитарлық колледжінің” мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту факультетінің 4-курс студенттеріне «Бейнеу» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның жұмысымен танысу мақсатында экскурсия жүргізілді. Д.Ақшабаева басшылық жасап отырған бүлдіршіндердің алғашқы білім баспалдағының бірі- «Бейнеу» бөбекжайы»инновациялық әдістемеге негізделіп, тәрбиеленушілер мен педагогтердің жұмыс жасауына толық материалдық базамен қамтамасыз етілген, арнайы жабдықталған, бәсекеге қабілетті, облыстық, республикалық байқаулардың жүлдері орындарын иеленіп жүрген, аудандағы алдыңғы қатарлы бөбекжайлардың бірі. Экскурсияны бөбекжай әдіскері Ш.Азизова жүргізіп, студенттерді бөбекжайдың атқаратын қызметі, алға қойған мақсат-міндеттерімен таныстырып, балалардың денсаулығын сақтау және нығайту жолында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар бөбекжайда қолданылып жүрген әдістемелер, инновациялар мен пилоттық жобалар туралы да ақпараттар берді. Балабақша-барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы іспеттес. Мұндағы тәрбие мен білім балалардың табиғи мінезін, қабілетін ерте жастан дамытады. Бала-болашағымыз, бала-қуанышымыз. Ендеше, мектепке дейінгі балаларды үздіксіз дамытумен айналысатын білім ордасына келген болашақ тәрбиеші мамандық иелеріне сәттілік тілейміз!