🌞🌞🌞🌞🌞🌞🌞 Гүлмен келсін келер күн, Бала бағы бар елдің. Балалардың күлкісі, Көркі, сәні әлемнің! Бөбекжайымызда топ балаларымен “Сабынды көпіршіктер” күніне орай көпіршіктермен ойын өткізілді. Мақсаты: Балаларға сабын көпіршіктермен ойнау ережелерін үйрету. Терең дем алу, дем шығару жаттығуларын ойын арқылы дамыту. Қауіпсіздік ережелерінің қарапайым қағидаларын есте сақтауға, достарына қамқор бола білуге тәрбиелеу. Өткізген: тәрбиеші Есниязова З.