7 сәуір күні “Бейнеу” бөбекжайында тәрбиеші Ә. Меңдіқұлованың ұйымдастыруымен “Ертегілер еліне саяхат” атты байқау өтті. Мақсаты:қазақ ұлттық ертегі кейіпкерлерінің рөліне, диалог түрінде сөздерді дыбыс ырғағына келтіре айтуға үйрету. Ертегіге деген қызығушылығын арттыру арқылы сахнада өзін - өзі еркін ұстауға қалыптастыру. Байқаудың нәтижесінде: 🥇орын Жұмысбек Марфуға 🥈орын “Сандуғаш” тобы бүлдіршіндері 🥉орын Әбдіраш Хиуаз иеленсе, Хабидолла Әкім “Әртістік дарын”, Құдайберген Інжу “ Үздік орындаушы”номинацияларымен марапатталды. Байқаудың өз деңгейінде өтуіне өз үлестерін қосқан тәрбиешілер мен бүлдіршіндерге алғысымызды білдіреміз!