Қайырымдылық – мұқтаж жан­дарға көрсетілер нақты көмек, ізгіліктің анық көрінісі, адамның асыл қасиеті. Кісінің айнала­сын­дағы адамдарға танылатын тамаша қыры да қаншалықты қайырымды екендігінен байқалады. Адам ұрпағына қайырымды­лықты жастайынан үйретіп, адам­гершілік қасиеттерге баулуға ұмты­лады. Алайда мың құбылған дү­ниеде табысын біреумен бөліспек түгілі өз басын асырай алмай жүр­гендер де баршы.