Тақырыбы: "Көңілді пойыз,көліктер»
Мақсаты :Саяхат-сабақ балаларды көлік түрлерімен таныстыруға, олардың ерекшеліктерін ойын арқылы меңгертуге арналған. Саяхат барысында балалар пойызбен әр аялдамаға тоқтап, әр бекетте түрлі тапсырмалар орындайды. Бұл әдіс балалардың қызығушылығын арттырып, танымдық белсенділігін дамытады.
Міндеті:
• Балаларға көлік түрлері туралы түсінік қалыптастыру
• Пойыз, автобус, машина, ұшақ сияқты көліктерді ажырата білуге үйрету
• Саяхат арқылы сөйлеу тілін, ойлау қабілетін дамыту
• Түстерді, дыбыстарды, қимылды байланыстыру
• Ұжыммен жұмыс жасауға тәрбиелеу
Саяхаттың ерекшелігі
• Әр аялдамада жеке тапсырма беріледі
• Ойын, қимыл, сұрақ-жауап қолданылады
• Балалар өздерін жолаушы ретінде сезінеді.
Өткізген: Г.Тастемирова






