«Анама гүл сыйлаймын» тақырыбындағы көрме - аналарға деген сүйіспеншілік пен құрметті арттыру мақсатында ұйымдастырылған шығармашылық жұмыс көрмесі. Көрмеде балалардың өз қолдарымен түрлі материалдардан (қағаз, мата, фоамиран, таспа және басқа да қолөнер материалдары) жасаған әсем гүл шоқтары ұсынылды. Әрбір жұмыс баланың қиялын, талғамын және анасына деген жылы сезімін көрсетеді.
Көрме арқылы балалардың қолөнерге қызығушылығы артып, шығармашылық қабілеттері дамиды. Сонымен қатар, балалар аналарын қадірлеу, сыйлау сияқты құндылықтарды терең түсінеді.
Тәрбиеші: Кульсумакова Алмахан






