Ағымдағы жылдың 25- сәуір күні Республикалық «Менің Елім – менің бақытты балалық шағым» Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған байқауының аудандық кезеңі өткізілді.
Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларды шығармашылыққа баули отырып тәрбиелеу, дарынды балаларды анықтау, би өнерін дамыту және қолдау көрсету.
Байқау нәтижесінде бөбекжайымыздың тәрбиеленушілері және жетекшісі Муратова Мадина Абылайқызы 1-орынға ие болып,облыстық кезеңге жолдама алды. Облыстық кезеңге сәттілік тілейміз!







