Мектеп жасына дейінгі баланың білім мен білікті, шығармашылық пен ізденімпаздықты,еңбексүйгіштікті, танымдық қасиеттерді жинақтап дамыту барысында табиғатпен тереңірек таныстырудың ерекше орны бар. Бала өмірінің алғашқы жылдарында денсаулықтың, ақыл - ой, адамгершілік, еңбек пен экологиялық дамудың негіздері қаланатын өте маңызды кезең. Осы тұста, ЖБҚ "Бейнеу бөбекжайы" МКҚК облыстық жалпы білім беру ұйымдарындағы экологиялық білім мен тәрбие сапасын арттыру мақсатында "Табиғатпен үндес білім ұйымы" республикалық байқауына қатысып, бас жүлдеге ие болған еді. Республикалық кезеңнің нәтижесінде ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі " Экологиялық білім берудің үздік ұйымы" ұлттық байқауына қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды. ЖБҚ "Бейнеу бөбекжайы" МКҚК ұжымын республикалық жетістікпен құттықтаймыз!







