Мақсаты: Балалардың шығармашылық және инновациялық қабілеттерін дамытып, оларды өнертапқыштыққа баулу, жаңалық ашуға деген қызығушылығын арттыру. Байқауға: «Қыран» тобы тәрбиеленушілері: Берік Томирис – «Шар үрлеу құпиясы», Аманжол Мейірбек – «Ауаның тығыздығы»; «Сандуғаш» тобы тәрбиеленушісі: Дүйсенбай Аяулым – «Жанартау атқылауы»; «Аққу» тобы тәрбиеленушісі: Ермек Сафия – «Жұмыртқаның тығыздығы» тақырыбында зерттеу жұмыстарын көрсетті. Әділқазылар шешімі бойынша: Ⅰ орын – Ермек Сафия. Ⅱ орын – Берік Томирис. Ⅲ орын – Дүйсенбай Аяулым. Ⅲ орын – Аманжол Мейірбек иеленді. Байқау нәтижесі балалардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына айтарлықтай ықпал етті. Олар жаңа дағдыларды меңгеріп қана қоймай, өз өнерлерін ортада еркін көрсете алды. Қатысқан балалар жетістіктері үшін алғыс хаттармен марапатталды. Өткізген тәрбиеші: З. Есниязова