Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді
Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды.
Бізден ұшып қанат қағып есейдің,
Өздеріңмен қоштасатын күн туды.
Бізден ұшып талмай қанат қағыңдар,
Жүректерден арман отын жағыңдар
Жақсы оқып алтын ұя мектепте
Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар.
Бәріңді де сәбиім деп сүйеміз
Өздеріңді сағынып біз жүреміз
Құтты болсын қадамдарың аттаған
Біз сендерге сәт сапар тілейміз.
"Қыран" ересек тобының балабақшамен қоштасу ертеңгілігі