Баланың шығармашылық қабілетін дамытуда ертегінің маңызы зор. Сахналық қойылымдар арқылы ертегі мазмұнын баланың санасына сіңіру, түсіндіру, шығармашылықпен әрекет ету мақсатында балабақшаішілік «Қазақ ертегілері» байқауы өткізілді. Байқауға «Шағала» тобы - «Арыстан мен түлкі» «Аққу» тобы - «Кішкентай ақылды балапан» «Сандуғаш» тобы - «Жыл басына таласқан хайуанаттар» «Қыран» тобы - «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегілерін сахналап шықты.
Байқаудың нәтижесінде:
бас жүлде иегері — «Аққу» тобы
І орын «Сандуғаш» тобы
ІІ орын «Қыран» тобы ІІІ орын «Шағала» тобы бүлдүршіндері марапатталды.
Өткізген тәрбиеші: Есниязова Збира Бокеновна