Баланың шығармашылық қабілетін дамытуда ертегінің маңызы зор. Сахналық қойылымдар арқылы ертегі мазмұнын баланың санасына сіңіру, түсіндіру, шығармашылықпен әрекет ету мақсатында балабақшаішілік «Қазақ ертегілері» байқауы өткізілді. Байқауға «Шағала» тобы-«Арыстан мен түлкі» «Аққу» тобы-«Кішкентай ақылды балапан» «Сандуғаш» тобы-«Жыл басына таласқан хайуанаттар» «Қыран» тобы-«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегілерін сахналап шықты. Байқаудың нәтижесінде: бас жүлде иегері —«Аққу» тобы І орын «Сандуғаш» тобы ІІ орын «Қыран» тобы ІІІ орын «Шағала» тобы бүлдүршіндері марапатталды. Өткізген тәрбиеші: Есниязова Збира Бокеновна